5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ
2020 жылғы 23 қазанда 5-6 сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Мектеп олимпиадасының мақсаты – оқу пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау. Олимпиада қашықтық режимде өтті. 5-6 сыныптардың 378 оқушыдан 231-і қатысты. Оқушылардың әр пән бойынша жұмыстарын комиссия мүшелері тексеріп, бағалау критерийлеріне сәйкес жүлделі орындар берді.
Қымбатты балалар! Пән олимпиадасына қатысу – бұл өз білімін тексеру, арманына қол жеткізу. Бүгін олимпиада пәнін таңдау арқылы сіздер болашақ мамандықты таңдауға бір адым жасайсыздар! Интеллектуалдық байқауларға қатысып, жеңімпаз болыңдар!