Індеттің елімізге таралуына байланысты биылғы оқу жылы ерекшелікпен басталды. Өзімнің 3"А"сыныбым 27 оқушы түгелдей ата-аналардың қалауымен қашықтықтан оқуда. Ең бастысы балалар толығымен білім алып, оқу жылын ойдағыдай жалғастыруда. Әр істің бір жақсылығы бар демекші қашықтықтан оқудың тиімді тұстары да көп екенін байқадым. Ақпараттық технология қазіргі заман талабы сондықтан бүгінгі таңда келешек ұрпақтың өз сыныбым нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технллогиялық құралдарды компьютерді дұрыс пайдалануды, электрондық почтанымен, скаиппен жұмыс жасай білуді игерді, ғаламтор желісімен жұмыс жасауды, күнделіктен тапсырманы жүктеп алуды, жүктеп жіберуді, сілтемелерді қолдануды дағдыға айналдырып игеріп алды. Сонымен қатар білім алу платформаларының ішінде Zoom,WhatsApp, Bilimland онлайн мектепті, Imektepке өздері қосылып,еркін қолдана біледі. Ең маңыздысы сапалы білім алуда уақытты тиімді пайдалануды, нақты сөйлеуді, түрлендірілген кері байланысқа түсу оқушыларыма оң әсерін тигізіп ,сабаққа деген ынталары ,қызығушылықтары артуда. Синхронды түрде білім алу өз сыныбыма өте ұнайды . Өзімнің үнемі қолдау көрсетіп жүретін ата -аналарыма ризашылығым шексіз.
Індеттің елімізге таралуына байланысты биылғы оқу жылы ерекшелікпен басталды