Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр.
Осыған байланысты 15 желтоқсан күні Смагулова К.С. Казыбаева У.Ж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарымен «Заманауи білім –берудің әдіс –тәсілдері» атты оқыту семинарын ұйымдастырды.
Мақсаты: Жас мамандарға заманауи білім берудің тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау. Жас мамандардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, өз-өзіне рефлексия жасай білуге үйрету. Семинарда «Сұхбат алу», «Маршрут ойыны», «Еске түсіру», «Қара жәшік», «Кемпірқосақ» әдіс- тәсілдері көрсетілді. Қатысушылар семинар соңында алған мәліметтерді ортаға салып, қорытынды жасады.
«Заманауи білім –берудің әдіс –тәсілдері» атты оқыту семинары