2021 жылдың 9 қазан күні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, мектептегі білім берудің беделін көтеру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия,биология, география, Қазақстан тарихы, информатика пәндерінен және бастауыш сыныптарда мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 2-4 сынып аралығында 398 оқушы, 5-11сыныптар аралығында 441 оқушы қатысты. Мектеп дәлізінде балаларды тіркеуден басталды. Әкімшілік мүшелері қатысушыларға жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі. Әр пән бойынша олимпиада жұмыстарын тексеру үшін құзыретті комиссия мүшелері тағайындалды. Олимпиаданың әрбір қатысушысы жеңімпаз болуды және болашақта мектептің намысын қорғауға армандайды.
Олимпиада