2021 жылғы 01 қазанда Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында кітапхана ісінің ардагері М.Н. Пахомованың 100-жылдығына орай «М.Н. Пахомова – ҚазКСР еңбек сіңірген кітапханашысы» тақырыбында тақырыптық сөре ұйымдастырылды.
Пахомова Муза Николаевна (1921-2010) – Қазақ КСР (1961) еңбек сіңірген кітапханашысы.
Муза Николаевна Пахомова қазіргі Ресей Федерациясының Омбы облысы Тара қаласында дүниеге келген. Білім және мәдениет қызметкері, Павлодар қаласындағы кітапхана ісінің ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы (1961). 1929 жылы Павлодарға келген. 1940-1942 жж. Қарағанды мұғалімдер институтында оқыды.
Еңбек жолын Облоно инспекторы болып бастады. 1943-1947 жж. қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Ішкі істер министрлігі органдарында жауапты хатшы, білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінде есепші қызметтерін атқарған.
1947 жылдан бастап облыстық кітапхананың кітапханашысы, 1959-1971 ж. - №1 қалалық кітапхананың меңгерушісі. Еңбекші халық депутаттары облыстық және қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Медальдармен марапатталған.