"Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы"
14 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған "Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы"атты тарихи-әдеби кеші өтті. Көрініске мемлекеттік тілде оқытатын пән мұғалімдері қатысты. Қазақ тарихын зерделей отырып, ондағы шындықтар мен Тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының сан қилы тағдырын, Тәуелсіздікке жету жолындағы жетістіктері айқындап көрсетілді. Ел тарихы - әр адамның тағдыры, ұлттық рухтың бет пердесі. Осы уақытқа дейін қазақ тарихының запыранды жылдары жанды қинап келді. Шүкір қазір ол жылдар бірте - бірте тарихқа айналуда. Ал, тарихтың өз заңдылығы бар. Өсу, өну, өшу.
Тәуелсіз еліміз -Тұғырлы болғай!