«ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР» СЫНЫП САҒАТЫ
5 «Г» сыныбында «Зиянды әдеттер» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағатының мақсаты: оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын, белсенді және ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін әлеуметтік және өмірлік дағдыларды дамыту. Слайдты тамашалаған соң оқушылар пайдалы әдеттермен қатар зиянды әдеттермен де танысты.
«Әпкелер – әдеттер» мультфильмін тамашалап, «Денсаулық» тақырыбына сөзжұмбақ шешіп, сынып сағатының соңында оқушылар «Әдет ағашын» жинады. 24 мектептің 5 «Г» сыныбы оқушыларға денсаулық пен спортпен белсенді айналысуды тілейді.