Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық отырысы.
20 қазанда 2011 жылы №24 жалпы білім беру мектебінде оқу орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы:Қазақ тілін оқытудағы ізденістер: «Білім мазмұнын толық игерген оқушылармен жұмыс». Отырысқа ПОМБА институтының білім мазмұны кабинетінің әдіскері Махадил З.Ш. қатысып, отырыстың қортындысын жасады.
Шығармашылық топ жұмысы №24 орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смағұлова Г.С. «Олимпиадаға қойылатын талапар мен критерийлер» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Шығармашылық топтың отырысы ойдағыдай өтті.