"Ой мен ойын" атты интеллектуалдық сайыс
"Білім бастауы - бастауышта" деп айтқандай, бастауыш ӘБ онкүндігінің жабылу аясында 2 "А","Ә" сыныптарында "Ой мен ойын" атты интеллектуалдық сайысымен тұжырымдалды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани- адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз етті. Оқушылардың оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыра білді. Сабақ және сабақтан тыс шараларды қызықты өткізу әдіс- тәсілдерін қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарта білді.