«Ұстаздар аламаны» интеллектуалды жобаға қатысу
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арынова Аяулым Каныбековна Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 25 қарашасы күні «Ұстаздар аламаны» облыстық интеллектуалды жобасының қалалық кезеңінің іріктеу турына қатысты.
Сайыс барысында педагогтер XXI ғасыр талабына сай «Заманауи мектеп» жобасын әзірлеп қорғады. Жоба материалдық-шаруашылық жағынан емес, педагогикалық жағынан pitch презентация форматында қарастырылды.