«Қолөнер – ұлт қазынасы» байқауы жарияланады!
Байқаудың мақсаты:
− Қолөнерге деген сүйіспеншілікті арттыру;
− Отбасындағы қолөнер шеберліктерінің түрлерін көрсету;
− Үлгі-өнеге беру.
Байқаудың талаптары:
1. Байқауға педагогтертер немесе оның отбасы мүшелері қатыса алады;
2. Байқау 2022 жылдың 2 желтоқсан – 14 желтоқсан аралығында өтеді;
3. Педагогтің бейнеролигі 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін қабылданады;
4. Бұл жұмыстар 10 желтоқсан күні мектеп инстаграмында жарияланады;
5. Байқау – лайк пен комментарий жинау арқылы жүргізіледі:
6. Лайк пен комментарий жазу - 13 желтоқсан күні сағат 20.00-де қатаң түрде тоқтатылады;
7. Байқаудың қорытындысы жиналған лайк пен комментарий бойынша 14 желтоқсан күні жарияланады;
8. Байқауда педагог өзі айналысатын немесе отбасындағы қолөнермен айналысатын мүшенің өнері туралы бейнеролик дайындайды.
9. Бейнероликте:
1) өзін немесе отбасы мүшесін таныстыру;
2) қолөнерді жасау материалын, ретін көрсету;
3) шыққан нәтижесін көрсету;
4) Көлемі –1-1,5 минут.
Байқаудың сый-сияпаттары:
− Гран-при;
− 1-орын – біреу;
− 2-орын – біреу;
− 3-орын – біреу.
Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары беріледі.
Номинациялар:
«Сегіз қырлы – бір сырлы педагог»
«Бес саусағынан бал тамған»
«Өнерлі отбасы өрге жүзер»
«Ата өнері –балаға мұра»
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
«Қолөнер – ұлт қазынасы» байқауы жарияланады!