АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
22 ақпанда жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде «Е-асхана» бағдарламасын енгізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ пән мұғалімдері ата-аналарға оқушылардың үлгерімі бойынша жеке кеңестер өткізді. Сынып жетекшілері туберкулездің алдын алу және көктемгі су тасқыны кезіндегі балалардың тәртібі туралы ақпараттармен таныстырды.