«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында
9 қазанда №24 ЖОМ КММ кітапханасында 7 «Ә» сынып оқушыларына «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлеген Әбдік – қазақ жазушысы» тақырыбында экспресс-ақпарат өткізілді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау, қоғамның отандық, заманауи әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына экспресс-ақпарат берілді, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді. Кітапханашы қазақтың әйгілі классиктерінің өмірбаяны мен шығармашылық жолына тоқталды. Шара соңында оқушыларға кітап көрмесі ұсынылды, әдебиеттерге шолу жасалды.