«Мектептегі оң өзгерістер" атты әдістемелік күн
03 қазан күні мектебімізде «Мектептегі оң өзгерістер" атты әдістемелік күні өтті.
Мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік дайындығын арттыру үшін қажетті жағдай жасау.
Әдістемелік күн мектеп психологтарының
Байсадуова Алмагуль Сериковна мен Мирзоева Камила Нурланбековнаның психологиялық тренингтерінен бастау алды. Келесі спикер Путикова Наталья Валерьевна "2024 жылдың ҰБТ-ның жаңа тапсырмалары" туралы таныстырып өтті.
"Lesson Staduдің тиімділігі" бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Смагулова Кульнаш Серікқызы мен Казыбаева Умыт Жамбуловна өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар жаңа жұмыс әдістері, тиімді стратегиялармен танысты.
Ұстаздарымыздың жұмысына сәттілік тілейміз!