Қоғамдық -гуманитарлық әдістемелік апталығы басталды
11 желтоқсанда мектебімізде қоғамдық -гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих) әдістемелік апталығы басталды.
Пәндік апта ішінде балалар өздерінің шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін көрсете алады. Педагогтар жинақталған тәжірибелерімен жас мамандармен бөлісіп, ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізеді.
Апта қазақ халқының ұлттық аспабы домбырада ойналған керемет күйімен басталды, оқушылар тарихи кезеңдегі тұлғаларды көрсете білді. Оқушылар мен мектеп ұжымына қазақ тілінде, орыс тілінде әр түрлі сұрақтар қойылып, берілген дұрыс жауаптарға тәтті сыйлықтар табысталды.