27 ақпанда орталық қалалық кітапхананың О. Сүлейменов атындағы залында ақын, жазушы, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «Шәкәрім оқулары» қалалық байқауы өтті.
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді.
Сайыскерлердің Шәкәрім шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын қазылар алқасы:
1. Байғалы Шолпан Байғалықызы - ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы;
2. Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, академик;
3. Болат Советұлы Аманбаев – Қазақстан журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы.
4. Ғазиз Хавалхаг – Абай және Шәкәрім оқуларының жүлдегері, дарынды балаларға арналған музыкалық колледждің 2 курс сдуденті;
Осы байқауға біздің мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Кудуков Макзум қатысып Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!