«Тарих ғибраты»
10 «Б» оқушысы Манзиев Тамерлан «Тарих ғибраты» аймақтық жобасының спикері болып, облысымыздағы ЖОО студенттеріне шешен және ингуш халқының Қазақстанға күштеп қоныс аудару тарихы туралы айтып берді. Тамерлан өз сөзінде қоныс аударушылар мен жергілікті халықтың қарым-қатынасына тоқталып, вайнахтар мен қазақтардың өзара көмек, бауырластық қарым-қатынасының көптеген фактілерін келтірді. Жиналғандарды Алғыс күнімен құттықтап, тарих пен мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырды.