«Сегіз қырлы, бір сырлы»
8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты онлайн-байқауының ережесі.
Байқаудың мақсаты: Мектептің әйелдер қауымын басқа қырынан танып білу. Қазақтың ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрін, қолөнерін дәріптеу. Мектеп қызметкерлері арасындағы ұйымшылдықты нығайту.
Байқау үш бағытқа бөлінеді:
І. Ас дайындау шеберлігі;
ІІ. Қолөнер шебері;
ІІІ. Шығармашылық бағыт.