23 мамыр күні мектебімізде бастауыш сыныппен қоштасуға арналған мерекелік кеш өтті.
Бастауыш мектеп – мектеп білім баспалдағыныңең алғашқы, ең қиын, ең маңызды баспалдағы. Төрт жыл елеусіз зымырап өте шықты. Бұл жылдар қуанышты және қайғылы оқиғаларға, жеңістер мен қателіктерге, қуанышқатолы болды. Осы уақыт ішінде балалар жетіліп, көп нәрсені үйреніп, шынайы достар тапты. Бірақ бастауыш сыныппен, сүйікті алғашқы ұстазыммен, сүйікті сыныбыммен қоштасатын кез келді.
Бірінші бітірукеші әрқашан қызықты және соныменбірге салтанатты, қуанышты және аздап қайғылы мереке. Оқушылар мұны тағатсыздана күтіп, мұқият дайындалды.
Мерекеде бастауыш сыныпқа, тұңғыш мұғалімге, мектеп өміріндегі күлкілі оқиғаларға арналған өлеңдер мен әндер шырқалды, мұғалімдерге деген жылы тілектері мен ата-аналардың лебіздері айтылды.