«GREENPVL» экоклубы 16 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясының сабағында жастардың экологиялық ойлауын дамытуға бағытталған белсенді қызметін жалғастыруда.
Клубтың 3-ші отырысы өтті.Жоба деректі фильмдерді көру арқылы жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға және экологиялық санасын дамытуға бағытталған.Кездесуді «Жастар Ассамблеясы» РҚБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, облыстық ақпарат және әлеуметтік даму департаменті «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Үшінші жиналыста клуб мүшелері Арктикадағы жұмыс және «Жасыл Арктика» экологиялық-әлеуметтік ұйымының еріктілері туралы «Жаралы арал» фильмін қарады. Бірінші отырыс Достық үйінде, екінші отырыс Павлодар қ. Орталықтандырылған кітапханасында өтті.
Баршаңызды қозғалысымызға қосылуға және қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға шақырамыз!