Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
приемная 8(7182)-22-42-50
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Талант пен Туынды» хабарының қонақтары
11-12-2024 10:23
«Талант пен Туынды» хабарының қонақтары

«Талант пен Туынды» хабарының қонақтары - «Әсемқоңыр» домбырашылар ансамблі. Жоғары сынып оқушыларынан тұратын ансамбль Павлодар қаласындағы №24 ЖОББМ негізінде құрылған. Домбыра үйірмесіне Білім беру ісінің үздігі, сазгер Бейсен Сәтиев жетекшілік етеді. «Әсемқоңыр» ансамблі музыка, соның ішінде домбыра бағытында өтіп тұратын көптеген республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы. Домбырашы ұл-қыздар көптеген өнер жарыстарында топ жарып жүр. Осы жылдың өзіңде Алматы қаласында өткен «Балбұлақ» V Республикалық шығармашылық байқауында, «Мәңгілік ел» Республикалық «Дарындылар додасы» өнер байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды. Халық радиосындағы «Талант пен Туынды» бағдарламасында оқушылармен шығармашылық бағытында сұхбат болып, домбырашы қыздар Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Құрманғазының «Балбырауын» күйлерін орындады.