Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік апталығы

7 қаңтар күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік апталығы басталды.
Пәндік апта ішінде балалар өздерінің шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін көрсете алады. Ұстаздар жинақталған тәжірибелерімен жас мамандармен бөлісіп, ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізеді.
Апта қазақ халқының ұлттық аспабы домбырада ойналған керемет күймен басталды. Оқушылар мен мектеп ұжымына қазақ тілінде әртүрлі сұрақтар қойылып, ұлттық құндылықтарға нақышталған ойындар ойнатылып, берілген дұрыс жауаптарға тәтті сыйлықтар табысталды.