Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
КӘСІПТІК БАҒДАР САҒАТЫ
29-01-2025 21:47
КӘСІПТІК БАҒДАР САҒАТЫ

ҚГБ апталығы аясында 11 «Б» сынып оқушыларына кәсіптік бағдар сағаты өтті.

Шараны қазіргі таңда мектепте педагогикалық тәжірибеден өтіпжатқан Марғұлан университетінің тарих факультетінің студенттері өткізді.

Болашақ мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына мұғалім мамандығы, оның ерекшеліктері, қиындықтары және қазіргі қоғамдағы орны туралы әңгімеледі. Олар тарих факультетінде оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, табысқа жету үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажет екенін айтты. Білім беру жүйесіндегі заманауи өзгерістер жағдайында мұғалім мамандығының өзектілігіне ерекше назар аударылды. Студенттер ұстаз болу тек білім беру ғана емес, болашақ ұрпаққа әсер ету, оларды жаңа істерге баулу мүмкіндігіне ие болу екенін атап өтті.

Іс-шара мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын  тудырды.  Олар университеттегі оқу барысы, болашағы, ұстаздық мансабы туралы сұрақтар қойды.

Кәсіптік бағдар беру сағаты ҚГБ апталығының маңызды бөлігіне айналды, ол жоғары сынып оқушыларына мұғалімдік мамандыққа студенттердің көзімен қарауға көмектеседі.


@margulan_university