Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-20-42-05
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-20-42-50
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ел тарихындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы»
29-01-2025 22:01
«Ел тарихындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы»

«Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де «Ел тарихындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы» тақырыбында диалог алаңы өтті. Бұл шара жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудағы және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтаудағы Ассамблеяның рөлі мен маңызын талқылаудағы маңызды қадам болды.
Шара ҚГБ апталығы шеңберінде өтті.
Кездесудің басты спикері «Эльпида» грек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Людмила Петровна Ифандопуло. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы айтып, оның ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесіне тоқталды. Сонымен қатар мәдени әртүрлілік мәселелері, этномәдени бірлестіктердің қазіргі қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды.
Диалогтік алаңға мектептің 11 «Б» сынып оқушылары мен «Марғұлан университет» КЕАҚ тарих факультетінің студенттері қатысты. Шара барысында мектеп оқушылары мен студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, ұлттық бірегейлік, Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің тарихы мен дамуы тақырыптарын талқылады. Диалог форматы қатысушыларға жаңа білім алуға, пікір алмасуға және этносаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын түсінуді тереңдетуге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар жастар арасында Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениетіне деген құрметті тәрбиелеуге, сондай-ақ толеранттылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. «Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім берун мектебі» КММ осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, патриотизм мен ұлтаралық келісімді дамытуға бағытталған кездесулер, дәрістер, пікірталастар ұйымдастырып келеді.