"Оқып білген қандай жақсы" оқу ләззаты сағаты

Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Оқып білген қандай жақсы" оқу ләззаты сағаты өтті.
Жалпы атаулы күн туралы ақпарат берілді.
Мектеп оқушыларының шара барысындағы белсенділігін арттыру мақсатында квест ойындары өткізілді.
Жасырылған шығарма атауларын, авторларын тауып, кітап мұқабасын жасады.
Іс-шара арықарай ақпараттық библиографиялық бөлімнің қызметкері Токатова Жанэра Молюковнаның "Кітап және оны жасаушылар. Кітаптың анықтамалық аппараты" кітапханалық сабағымен жалғасты.
Оқушыларға кітаптың шығу тарихы, әдебиетті таңдау, кітап құрылымын зерттеу, сонымен қатар кітап оқудың пайдасы мен тиімділігі жайлы баяндап берді. Шараға №24 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.