«Мәртебелі кітап»

Халықаралық балалар кітабы апталығы – балалар үшін айтулы мерекенің бірі. Осыған орай мектеп кітапханасында «Мәртебелі кітап» атты іс-шара өтті. Балалар кітаптың шығу тегімен, кітап туралы ережелермен танысты. Викториналық сұрақтарға, жұмбақтарға белсенді жауап берді. Балалар өздерінің оқыған ертегілері мен әңгімелері туралы баяндады.