«С книгой в будущее» атты іс-шара

«Балалар кітабы апталығы» кітапханада өтетін дәстүрлі шаралардың бірі. Осыған орай әр күн сайын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Солардың бірі - кітапхананың оқу залында «С книгой в будущее» атты іс-шарасы өтті. Мақсат - оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамыту. Шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып, ойындар мен конкурстар өткізілді.