2025 жылдың 16 сәуір күні «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің тұңғыш директоры Г. Ж. Мұқашеваның туған күніне орай Павлодар қаласының 4-сынып оқушыларына арналған «Ботақан» зияткерлік сайысының соңғы кезеңдері өткізілді. Жалпы сайыс 3 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең «Капитандар сайысы», екінші кезең 5 оқушыдан тұратын «Командалық сайыс», үшінші кезең «Ең білімді оқушы» сайысы.
Оқушылардың білімі 4 пән бойынша бағаланды: қазақ тілі, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі. Мектебімізден 4 А сынып оқушылары қатысты:
1) Қаржас Даниал
2) Бижанов Дамиль
3) Амантай Ерасыл
4) Жиенбек Мадина
5) Амантай Алем
Қорытындысы бойынша "Павлодар қаласының №24 ЖОББ мектебі" ІІІ орынға ие болып 15000мың сыйақысымен марапатталды. Дайындаған мұғалімі Кызгалдак Каирбековна Нуржановнаны және жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!
Әрқашан биік белестерден көріне беріңіздер!
@bilim_basqarmasy
@ertis_daryn
@pavlodar.daryny
@metod_cabinetoo_pvl
