Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
приемная 8(7182)-22-42-50
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
“Үлкен ел – үлкен отбасы” көрмесі туралы ақпарат
06-05-2025 11:58
“Үлкен ел – үлкен отбасы” көрмесі туралы ақпарат

2025 жылдың 1 мамырында мектеп кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Үлкен ел – үлкен отбасы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы, татулығы, бірлігі жайлы түсінік беру, патриоттық сезім мен толеранттылықты тәрбиелеу.

Көрмеде Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихы жайлы әдебиеттер, фотосуреттер мен деректі материалдар қойылды. Сонымен қатар Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы кітаптар мен журналдар да көрмеден орын алды.

Оқушылар мен ұстаздар көрмемен танысып, еліміздегі достық пен бірліктің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Бұл көрме жастарды елін, жерін сүюге, бірлік пен татулықты бағалауға баулитын танымдық шара болды.