Бүгін Шарбақты ауданындағы "Лесная сказка" лагеріне барып, оқушылардың жағдайын біліп қайттым. 2025 жылдың 12 мамыры мен 16 мамыры аралығында мектептебісміздің 10-сынып оқушылары АӘД пәні бойынша бағдарламаға сәйкес далалық оқу-жаттығу жиынына қатысуда. 5 күн бойы оқушылар тактикалық және атыс-жаттығулары бойынша теориялық білімдерін, сондай-ақ азаматтық қорғаныс негіздерін тәжірибе жүзінде пысықтайды.
Далалық оқу сабақтарында оқушылардың тактикалық дайындығына үлкен мән беріледі. Сабақ барысында балалар жер бедерін дұрыс пайдалана білуге, жазық далада жылдам қозғалуға, түрлі кедергілерді шебер жеңуге үйренеді.
Далалық оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша баларға әскери ғылымды шынайы өмірлік тәжірибе арқылы меңгеруге мүмкіндік береді.
