“Бала шақтан - болашаққа!”
4 “А”, “Ә” сыныбында “Бала шақтан - болашаққа!” атты бастауышпен қоштасу кеші өтті. Мерекелік кеш салтанатты ашылып, оқушылар ән айтып, өлең оқып, би биледі. Балалар бастауыштағы жарқын естеліктерімен бөлісіп, ұстаздарына және ата-аналарына алғыстарын білдірді. Ата-аналар да өз тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Кеш ерекше мерекелік көңіл-күйде, әсерлі өтті.
