«Жұлдызды сәт-2025»
2025 жылдың 21 мамыр күні мектебіміздің сахнасында «Жұлдызды сәт-2025» марапаттау рәсімі өтті. Мектеп оқушыларының, ата-аналардың және мұғалімдердің қатысуымен өткен «Жұлдызды сәт - 2025» мерекелік және жарқыраған мереке ретінде балалардың есінде қалады.
Өйткені, санаулы минуттардың ішінде кенеттен «жұлдызды жаңбырымыз» жауып, биылғы оқу жылы спорт, оқу, шығармашылық саласында жетістікке жеткендер сахнаға шықты.
Жұлдызды - адам – айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген, атақты болған, өзінің жетістіктерімен аспанға нұрын шашқан, басқа адамдардың өз табысына деген үміт жолын нұрландырған адам!
Сонымен, өз номинациялары бойынша үздіктер мен жеңімпаздар анықталды.
Үздік балалар мен ұстаздар марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
