2025 жылдың 22-23 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында “Тіл – тәуелсіздік тұғыры" атты қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиада өткізілді.
Аталған олимпиадаға Павлодар облысы, Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
Веселов Денис – 7-сынып оқушысы, I дәрежелі диплом иегері. Жетекшісі: Жулдасова Алмагүл Кушкеновна.
Нигмедзянова Виктория– 9-сынып оқушысы, III дәрежелі диплом иегері,
Лыфарь Вероника – 9-сынып оқушысы, III дәрежелі диплом иегері. Жетекшісі: Арынова Аяулым Қаныбековна
Олимпиада өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, тілдік дағдыларды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың бұл жетістігі – білім сапасының, ұстаздардың еңбегінің және оқушылардың ынтасының нәтижесі.
Барлық жүлдегерлер мен жетекшілерін құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!


