«Fun with English!» зияткерлік сайыс
18 қараша күні мектебімізде 7 «Ә» сынып оқушылары арасында «Fun with English!» зияткерлік сайысы өтті! Оқушылар ағылшын тіліндегі білімін сынап, түрлі қызықты тапсырмалар орындап, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын және командалық жұмысын көрсетті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ағылшын тіліне деген қызығушылығын көрсетті. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
