Бүгін №24 ЖОББМде педагогикалық тәжірибе аясында Марғұлан университетінің болашақ химия және биология пәні мұғалімдері ХБ-32 тобының студенттері химия пәнінің мұғалімі Имперова Салтанат Ашоққызының жетекшілігімен жыл сайын ұйымдастырылатын «Химиктер қатарына қабылдау» атты іс-шараны 7-сынып оқушыларына арнап өткізді.
Іс-шараның мақсаты – химия пәніне қызығушылық қалыптастыру, танымдық белсенділікті дамыту және химияның адам өміріндегі рөлін кеңінен таныту болды. Іс-шара барысында қызықты байқаулар, танымдық тәжірибелер, тақырыптық ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.
Оқушылар іс-шараға зор қызығушылықпен қатысып, белсенділік, тапқырлық және командалық рух көрсетті. Іс-шара достық әрі танымдық атмосферада өтіп, мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың кәсіби бағдарын дамытуға ықпал етті.
