Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
тамақтану сапасын бақылау мониторингі
13-12-2025 13:27
тамақтану сапасын бақылау  мониторингі

Павлодар қаласында мектептегі тамақтану сапасын бақылау бойынша ведомствоаралық эксперттік топтың мониторингі жалғасуда. Бүгін мамандар бұған дейін заңбұзушылықтар анықталған №24 және №29 мектептерде болды. Тексеру нәтижесінде барлық ескертулер толық жойылғаны анықталды: ас блоктарында санитариялық талаптар сақталады, технологиялық құжаттама жаңартылған, тағамдарды дайындау мен сақтау сапасына бақылау күшейтілген. Комиссия сондай-ақ мектептерге ішкі құжаттаманы жетілдіруді және оқушылар арасында салауатты тамақтануды белсенді насихаттауды ұсынды.

Мониторингті МЭГ мүшесі, қалалық мәслихат депутаты В.П. Пряхин және комиссия хатшысы, білім бөлімі бас маманы Д.С. Батрқанова жүргізді. Топтың жұмысы жалғасады — алдағы уақытта қаладағы өзге мектептерге де тексеріс жоспарланған. Мұндай жүйелі жұмыс туындаған мәселелерге жедел әрекет етуге және Павлодардың білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың жоғары стандартын сақтауға мүмкіндік береді.