«Қазақтың ұлттық мерекелері»
10 желтоқсан күні №24 жаплы орта білім беретін мектеп оқушылары «Қазақтың ұлттық мерекелері» тақырыбында қысқа таныстырылым дайындап, өздері білетін мерекелерді атап өтті. Балалар ұлттық құндылықтар туралы білімдерін көрсетіп, мерекелердің маңызын түсінді. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін танытты. Бұл шағын жұмыс олардың отансүйгіштік қасиетін дамытуға және ұлттық мерекелердің мәнін тереңірек түсінуге ықпал етті.
