Мектеп психологиялық қызметінің жұмысы туралы
Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінде психологиялық қызметі оқушының мотивациясын көтеруде жүйелі жұмыстар жүргізеді. Оқушының білім алуға деген ішкі қызығушылығы, ынтасы әрқашан назарда. Мотивациясы жоғары оқушы сабаққа белсенді қатысуға жауапкершілікті сезінеді және өз мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді. Оқу мотивациясын арттыру – ұзақ әрі жүйелі процесс. Бұл жерде психолог, мұғалім және ата-ана біріккен жүйелі жұмысты іске асырады.