«Отбасылық үйлесімнің кілті — сенімді қарым-қатынас»
ЦППР қызметі аясында «Отбасылық үйлесімнің кілті — сенімді қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін арттыру және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Жиналыс барысында мектеп психологтары Байсадуова А. С. мен Мирзоева К. Н. отбасында сенім мен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған түрлі жұмыс түрлерін қолданды.
