Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
приемная 8(7182)-22-42-50
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Компьютерлік мобильдік ойындарының апробациясы
19-02-2026 19:25
Компьютерлік мобильдік ойындарының апробациясы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің №314 хаты негізінде №24 жалпы орта білім беру мектебі мемлекеттік тілді оқытуға арналған цифрлық жобаны апробациядан өткізуде.
Апробация мерзімі: 26.01.2026 – 19.03.2026 жж.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік тілді оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Steppe Games» және «Steppe Rider» компьютерлік мобильдік ойындарын әзірледі.
Аталған ойындардың сюжеттері мен интерактивті тапсырмалары А1–В1 деңгейлері аралығындағы қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумына негізделген. Ойын арқылы білім алушылар сөздік қорын молайтып, грамматикалық білімін бекітіп, сөйлеу дағдыларын дамытады.
№24 ЖОББМ-де жүргізіліп жатқан апробация жұмыстары мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыруға және заманауи цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізуге бағытталған. (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘБжетекшісі Смагулова К.С.)