Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
приемная 8(7182)-22-42-50
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Әке тәрбиенің қайнар бұлағы»
19-02-2026 10:49
«Әке тәрбиенің қайнар бұлағы»

18 .02. 2025 жылы №24 ЖОББМ –«Әке тәрбиенің қайнар бұлағы» атты XII әкелер конференциясы қазақ сыныптың ұстаздарының ұжымымен өткізілді. Бұл біздің мектебімізде дәстүрге айналған іс-шаралардың бірі. Бұл конференцияның мақсаты, Отбасындағы әкенің ролін көрсету. Адал азамат атану әкелердің аманатынан басталады. Іс-шараға жылдан жылға әкелер үлкен жауапкершілікпен қатысып, олардың мәртебелері көтеріліп, әрбір оқушы менің әкем керемет деп мақтанады. Әкелердің өз балаларына деген патриоттық сезімін қалыптастырып үйрету. Мектеп директоры Аубакирова А.М әкелерге өз алғысын айтып, оларды Алғыс хатпен марапаттады. 2025 жылдың қорытындысы шығарылып «ӘКЕ - 2025» номинациясымен мектебінің түлгегі Дәстүрге айналған «Жыл – Әке» номинациясына биыл №24 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Ержан Аймерей ұсынылды.
Ержан Аймерей – өнегелі әке, көпке үлгі болар азамат. Ол 3 «А» сынып оқушысы Ержан Асылымның, 5 «А» сынып оқушысы Ержан Айғанымның және кішкентай Айшаның ардақты әкесі.
Отбасында мейірім мен жауапкершілікті қатар ұстап, балаларына дұрыс тәрбие мен бағыт-бағдар беріп отырған қамқор әке ретінде Ержан Аймерей бұл номинацияға әбден лайық. Осындай өнегелі азаматты ұсыну жөнінде мектеп ұжымы бір ауыздан шешім қабылдады
Әкелердің аялы алақандарымен, жылы жүректерімен тербеткен әрбір азаматтары текті, намысты ұрпақ болады екеніне толық сенеміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Әр отбасындағы әкелеріміздің орны төрде болсын. Асқар таудай әкелеріміз аман болсын.
Казимова А.Ш.