Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Колледжге саяхат
02-04-2026 20:04
Колледжге саяхат

Экскурсия 9-сынып оқушыларына болашақта жұмысшы мамандықтарды таңдауға бағытталған мектептік іс-шара аясында ұйымдастырылды.
Экскурсияны арнайы пәндер оқытушысы, жауапты жетекші Кондратьева Любовь Константиновна кіріспе сөзбен ашты. Ол ПКТИК-тің облыстағы ең сұранысқа ие колледждердің бірі екенін атап өтіп, студенттер үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Атап айтқанда, заманауи жабдықталған оқу кабинеттері, кітапхана, спорт кешені, интернет желісіне қолжетімділік, жатақхана және заманауи құрал-жабдықтар бар екенін жеткізді.
Өз сөзінде Кондратьева Любовь Константиновна оқушыларды колледжге түсуге қажетті құжаттармен, оларды тапсыру мерзімдерімен таныстырды. Сонымен қатар, мамандықты дұрыс таңдау, білім беру гранттарының мамандықтар бойынша бөліну ерекшеліктері туралы түсіндірді. Экскурсияның келесі кезеңінде оқушылар мұражайды және оқу кабинеттерін аралап, студенттердің сабаққа дайындалу үдерісін сырттай бақылау мүмкіндігіне ие болды. Экскурсияны ұйымдастырушыларға @jejkk_kz үлкен алғыс білдіреміз. Олар өте қызықты экскурсия ұйымдастырып, колледжбен танысуға және кәсіби бағдар беру жұмысына қолдау көрсетті.
Экскурсияның қорытынды кезеңінде пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдау туралы ойлануға себеп болды.