Құттықтаймыз!
Ұстаздар күні қарсаңында 6 қазан күні Павлодар қаласының әкімі Х.А. Хабылбековтің қатысуымен Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада Смагулова Кульнаш Сериковна «Ұлағатты ұстаз» номинациясымен марапатталды.
Күлнаш Сериковна, еңбегіңіз жемісті болсын! Әрдайым биік шыңдарды бағындырып, кәсіби жолыңызда толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!
