әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Бірлестік жетекшісі Смагулова К.С. күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы жоспарларды саралады.
Отырыс аясында Ербол А. «Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану» тақырыбында әріптестерімен тәжірибе алмасып, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді оқу үдерісінде қолдану жолдарын көрсетті.
