2-желтоқсанда ҚР-ның тәуелдігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздің 20 шыңы» атты 20 жұлдызды күнге байланысты мектепте ұлттық тағамдар конкурсы өтті. 5-ші сынып оқушылары орыс, қазақ және украин ұлттарының ас үйімен таныстырды. 5 «В» сынып (сынып жетекшісі Г.Р.Усенова) украин ас үйін ұлттық киімде таныстырды. 5 «Д» сыныбы (сынып жетекшісі А.Ж.Сматаева) қазақ ұлттық ас үйіне қазақ және орыс тілдерінде өлеңмен таныстырды. 5 «Г» сыныбы (сынып жетекшісі А.Х.Ережепова) ұлттық тағамдардың әр түрлілігі мен таңғалдырды және бір тағамды түрлі әдіспен жасау туралы айтты. Конкурс нәтижесі бойынша І орынды 5 «В» сыныбы иеленді, ІІ орынды 5 «Г» және 5 «Д» сыныптары бөліп алды. Барлық қатысушыларды мерекемен құттықтаймыз және белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.