Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептің педагогикалық кеңесі
27-04-2012 02:27

25 сәуір күні мектепте «Тәрбие- жеке тұлғаны әлеуметтендіру үрдісін  басқару ретінде» атты педагогикалық кеңес болып өтті.Педагогикалық кеңес барысында ДТЖО Абенова А.Б., мектеп психологтары Лемешинская М.П., Смагулова А.С., Абуталипова Д.С.  тыңдалды. Олар мектеп оқушыларының әлеуметтік деңгейі бойынша сауалнаманың нәтижесімен таныстырды. Сол сияқты «Өзін тану және өзін жүзеге асыруды дамытуда мектептің  өзін-өзі басқаруының алатын орны» деген тақырыпта     9 «Г» сынып жетекшісі Каирова А.К.,   « Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті арқылы жеке тұлғаны әлеуметтендіру барысында физкультура мен спорттың алатын орны» деген тақырыпта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі    Шушпанова  М.В. баяндама жасады.

    Педагогикалық кеңестің соңында шешім қабылданды:

1.   «Жанұя және мектеп » жобасын жасау және енгізу. Жауапты ДТЖО, өз сыныбы бойынша шығатын  сынып жетекшілері.Мерзімі:қыркүйек.

2.       Оқушылардың өзін-өзі басқаруын жеке тұлғаны әлеуметтендірудің факторы ретінде белсендіру . Келесі бірлескен іс-әрекет формаларын енгізу: саяси-пікірталас клубы «Реформа», «Диалог»,  ересектер мен балалар клубы «Жаңа толқын» , дене шынықтыру-сауықтыру бірлестігі. Оқушылардың өзін тану бағдарламасын нәтижелі жүзеге асыру үшін шығармашылық есептер енгізу (жауаптылар сынып жетекшілері, мерзімі: мониторинг арқылы 2 жартыжылдық )

3.  Оқушылардың әлеуметтенуін зерттеу мониторингін жалғастыру. (Жауаптылар сынып жетекшілері)

4.   Ата-аналар университетін жетілдіру.

5 . Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі қызметін  қазіргі талапқа  сай қайта құру.

6. Педагогикалық кеңестің қызметіне қосымша сабақ беретін мұғалімдерді енгізу.