2012 жылы 15 мамырда мектеп жоспарына сәйкес «Ертең бүгіннен басталады».ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Баяндамамен 1-11 сыныптың 48 оқушысы баяндама оқыды. Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге жауаптылар координаторлар Даулеткулова Д.О, Алдыбаева Н.А. ҒТК өткізуге ұйымдастыру жағдайларын жасады: тізімдерді дайындады , кабинеттер, қажетті техника мен құралдармен қамтамасыз етті.
Секциялар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:
- Қоғамдық-гуманитарлық ( жетек. Орыс тілімен әдебиет мұғалімі Усенова Г.Р.)
- Жаратылыстану-ғылыми ( жетек. Физика пәні мұғалімі Баранчук Е.Н., информатика мұғалімі Слывоцкая О.Я.)
- Бастауыш сыныптар ( мұғалімдер Емельянова Е.Н. , Базаводова М.П , Шопинская Л.П)
- Шығармашылық «Қауырсын қаламы» ( жетек. Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Бовт Т.Р.)
Жюри мүшелері, пән-жетекші мұғалімдері оқушылардың жұмыстарын рецензиялау бойынша нақты жұмыс жүргізді. Оқушылардың сөзі қызығушылықпен тыңдалып,қатысқандар пікірталасқа белсенді қатысты.
Тақырыптар кең ауқымда таңдалған. Жұмыстардың көп бөлігі мультимедиялық презентациялармен бірге жүріп отырды. Бұл мектеп оқушыларының ақпаратты-коммуникативті технологияны меңгеру деңгейі жоғары екендігін көрсетеді.
Барлық оқушылар ғылыми-ізденіс жұмысымен айналысуға ,өздерінің танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамытып,зияткерлік шыңдарды бағындыруға тырысқандары үшін сертификатқа ие болды. Ең үздік жұмыстар Мадақтамалармен марапатталды.