Кемел келешек кілті – білімде
Бүгін 26 мамыр 2012 жылы біздің 24 мектепте Кемел келешек кілті – білімде атты іс шара өткізілді. Оған ең үздік 104 оқушы шақырылып мектеп директоры Рахимгожина Н.Ш. марапаттау рәсімі жүргізілді. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы шығарылып, ата – аналардың көңілінен шықты.
Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Үздік балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.
Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!