Еліміздің «тұңғыш президенті күні» және «тәуелсіздіктің 21 жылдығы» желтоқсан оқиғасының 26-жылдығына, арналған мектеп ішілік іс шаралар өткізілуде. Осы шаралар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақты, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, жас ұрпақтың келешекке деген нық сенімін орнықтыру, біз Қазақстанның болашағымыз, еліміздің көркейіп өркендеуі бізге байланысты деген сананы қалыптастыру, қазіргі таңда өте өзекті мәселе. Осыған байланысты мектебімізде жоспарлы түрде мектеп ішілік игі шаралар өткізіліп тұрады. Соған дәлел қазақ сыныптары арасынан 10 «а» және 11 «а» сынып оқушылары «Патриотизм» тақырыбында пікірсаиыс өткізді. Пікірсайыс өте өзекті мәселелерді қарастырды. Оқушылар тыңғылықты дайындалып келгенін көрсетті. Жақтаушы жақ жастар арасындағы патриоттық сезімнің дамып келе жатқанын, тілге тиек етсе, даттанушы жақ осы патриоттық сезімнің әлі де жетіспеушілігі жайлы өз ойларын ортаға салды. Пікірсайысқа 10 және 11-сынып оқушылары толық қатысты. Мектеп әкімшілігінен оқу ісі меңгерушілері Фелькер. Н.А және Тұмабаева Г.С. жәнеде тарих пәні мұғалімі Рахимжанова. Р.Н. бастаған мұғалімдер тобы қатысты. Мектебімізде «Дебат» клубы 3-4 жыл жұмыс істеп келді. Алғашқы ұйымдастырушылары: Тұмабаева. Г.С. мен Рахимжанова Р.Н.болып осы «Дебат» клубының қалыптасуына өз еңбектерін сіңірді. Бүгінгі таңда бұл пікірсайыс тұрақты өткізіліп тұрады. Осы пікірсайысты ұйымдастыруға, оны келесі сынып оқушыларына насихаттауда. 11-сынып оқушылары: Мәлғаждар Әділбек, Серіков Дәулет, Тұрсынбеков Дәурен, Бекше Дәурендер және 9-сынып оқушысы Қожахметова Маржандар өз үлестерін қосып келеді. Негізгі мақсатымыз пікірсайыс арқылы оқушылардың сөз шеберлігін, қарым-қатынас мәдениеттіліктерін, өздерін дұрыс ұстай білу мәдениеттерін, сол арқылы болашаққа ұстамды және өзіне сенімді жастар тәрбиелеу.
№ 24 ЖОМ Тарих пәні мұғалімі:
«Дебат» клубының ұйымдастырушысы
Шариғат Ержан