Сабақ… Ол бүгін қандай болуы керек? Сабақты іс-әрекет негізінде қалай құруға болады? Қазіргі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін мұғалім қандай әдістерді,тәсілдерді,құралдарды қолдануы керек? Осы және басқа тақырыптар мектебімізде қаңтардың соңында өткен педкеңесте талқыға түсті. Сөз сөйлеген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Г.С. Смагулованың, У.С Бұқарбекованың, математика мұғалімі Н.А Алдыбаеваның, С.К Инербаеваның, бастауыш сынып мұғалімі С.А Журавлеваның іс-тәжірибесінде оқу міндеттерін бірлесіп шешеуге бағытталған топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін , танымдық қызығушылықтарын оятуда интербелсенді тәсілдерді , ойлау қабілеттерін дамытуда логикалық сипаттағы тапсырмаларды қолданатыны айтылды.. Мұғалім Л. К. Бексейітова өз сөзінде көмекші сыныптардағы сабаққа қойылатын талаптар туралы айтты. Педкеңестің ұсыныстары оқу-тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды әлеуметтендірудегі маңызды міндеттерді шешу ге, фукционалдық сауаттты, өмірдің қиын жағдайларында дұрыс жол таба алатын мектеп түлегін тәрбиелеуге бағытталды.
Сабақ… Ол бүгін қандай болуы керек?